Меню KDT
kz ru en

Образованная страна

block1_eop.jpg?_=1520850636

Bilimland

Литературный портал

Виджет не найден

Виджет не найден

введите текст

«Жасыл ел»

Бағдарламаға 14 – 35 жас аралығындағы өңір жастары қатыса алады.
Құжат тапсырушылардың арасында ең бірінші әлеуметтік мәртебесі (көп балалы, аз қамтылған, толық емес және т.б.) бар отбасының балаларына басымдық беріледі.

Қажетті құжаттар тізімі:
* Өтінім;
* Жеке куәлік немесе туу туралы куәлік – 5 дана;
* Денсаулық жағдайы туралы анықтама (№027 форма);
* Ата – анасының жеке куәлігінің көшірмесі;
* Оқу орнынан анықтама;
* 20 таңбалы шот нөмірі – 2 дана;
* Әлеуметтік мәртебесін анықтайтын анықтама;
* 3*4 фото сурет – 2 дана;
* Еңбек шарты.

Жастардың жалақысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ең төменгі жалақы 85 000 теңге көлемінде есептелінеді.

Жастар бағдарлама аясында бөлініске сай (әр аудан/қалада әр түрлі) 2 немесе 3 маусымға бөлініп қызмет атқарады. Қызмет уақытында жастар бағдарламаға арналған арнайы киімдер (футболка, бейсболка, қолғап) мен құрал – жабдықтармен қамтылады.

Одан бөлек, жазғы демалыс уақытында ЖРО ұйымдастыруымен «Жасыл ел» жасағының жастарына оқыту шаралары, кездесулер, мәдени және спорттық шаралар ұйымдастырылады.

Құжаттар келесі мекен – жайлар бойынша қабылданады:
1) Ақтау қаласы, 6 шағын аудан, «Жастар үйі» ғимараты, 5 кабинет;
2) Жаңаөзен қаласы, «Оқушылар шығармашылық үйі» ғимараты, Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығы;
3) Бейнеу ауданы, «AMANAT» партиясы ғимараты;
4) Қарақия ауданы, Құрық ауылы, 1 шағын аудан, «Жастар орталығы» ғимараты;
5) Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы;
6) Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы, Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығы;
7) Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, «Жастар орталығы» ғимараты.

2024 жылға аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін жергілікті бюджет есебінен 256,8 млн. теңге қаражат бөлінді. Жоба аясында 2888 жасты жұмыспен қамту жоспарланып отыр.
Бағдарлама аймақтағы барлық аудандық және қалалық жастар ресурстық орталығының үйлестіруімен жүзеге асырылады.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь