Меню KDT
kz ru en

Білімді ел

block1_eop.jpg?_=1520850636

Bilimland

Әдебиет порталы

Виджет не найден

Виджет не найден

введите текст

«Қарақия кәсіптік колледжі»

2026 жылғы 14 қаңтар күні 8–9 сынып оқушылары арасында «Қарақия кәсіптік колледжі» мамандары және студенттерімен кездесу өтті. Кездесуді педагог-кәсіби бағдар беруші Бекдаулетова Жанаргүл өткізді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды Қарақия кәсіптік колледжінде оқытылатын мамандықтармен таныстыру, кәсіби білім берудің артықшылықтарын түсіндіру және болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыт беру. Кездесу қонақтары Қарақия кәсіптік колледжінің оқытушылары мен студенттері болды. Кездесу барысында колледжде оқытылатын мамандықтар таныстырылып, оқу шарттары мен қабылдау талаптары түсіндірілді. Студенттер өз оқу тәжірибесімен бөлісіп, оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Іс-шара қорытындысында оқушылардың кәсіптік білімге деген қызығушылығы артты, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы нақты ақпарат алды және болашаққа сенімді кәсіби бағдар қалыптастырды. Аталған кездесу оқушылар үшін пайдалы ақпарат пен мотивация беретін маңызды кәсіби бағдарлық іс-шара болды.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь