Меню KDT
kz ru en

Білімді ел

block1_eop.jpg?_=1520850636

Bilimland

Әдебиет порталы

Виджет не найден

Виджет не найден

введите текст

ЖӘРМЕҢКЕ – НЕСІБЕ НЕГІЗІ: МЕКТЕБІМІЗДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

ЖӘРМЕҢКЕ – НЕСІБЕ НЕГІЗІ: МЕКТЕБІМІЗДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

23.01.2026 жылы мектебімізде 6 «А» және 6 «Ә» сынып оқушыларының қатысуымен, әлеуметтік педагог А.Наурызованың ұйымдастыруымен «Жәрмеңке – несібе негізі» атты қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты — әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету, оқушылар мен ата-аналар арасында қайырымдылық мәдениетін қалыптастырып, мейірімділікке тәрбиелеу.

Жәрмеңкеге оқушылар мен ата-аналар өздері дайындаған түрлі тәтті тағамдар мен пісірмелерді әкеліп, сатылымға ұсынды. Сауда барысында оқушылар белсенділік танытып, ізгі іске өз үлестерін қосты.

Жәрмеңкеден түскен барлық қаражат көмекке мұқтаж оқушыларға бағытталуы үшін толығымен әлеуметтік педагогқа тапсырылды. Мұндай шаралар балаларды ауызбіршілікке, еңбекқорлыққа және өзгелерге қамқорлық көрсетуге баулиды.

Ізгілікке толы шараға атсалысқан барлық ата-аналарға, оқушыларға және ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз.

#Қайырымдылық
#жәрмеңкесі


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь