Меню KDT
kz ru en

Білімді ел

block1_eop.jpg?_=1520850636

Bilimland

Әдебиет порталы

Виджет не найден

Виджет не найден

введите текст

“Еңбегі адал жас өрен”

16 қаңтар күн мектебімізде “Еңбегі адал жас өрен” жобасы аясында
9–10 сынып оқушыларының қатысуымен “Кәсіпкерлік – болашаққа бастар жол” тақырыбында кәсіп иегерлерімен кездесу өтті.
Кездесуге өз ісін адал еңбегімен дамытып отырған жергілікті кәсіпкерлер шақырылды.
Амантаев Марат Нарнбайұлы – 2023 жылы Жұмыспен қамту орталығы арқылы 1 472 000 теңге көлемінде мемлекеттік грант жеңіп алып, былғары бұйымдарын өндіру кәсібін бастаған. Қазіргі таңда аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған аула клубында “Былғары бұйымдар” үйірмесінің жетекшісі болып қызмет атқаруда.
Сонымен қатар, Темірбек Еркемай Ғанибекқызы – “Amina” тойшашу дүкенінің иесі. Ол бұл кәсіппен 3 жылдан бері айналысып келеді. 2024 жылы мемлекеттен 1 472 000 теңге көлемінде грант ұтып алып, өз кәсібін одан әрі дамытуды жалғастыруда.
Кездесу барысында оқушылар кәсіпкерлерге сұрақтар қойып, бизнесті бастау жолдары, мемлекеттік қолдау, табандылық пен еңбектің маңызы туралы құнды ақпарат алды.
Іс-шараны көркем еңбек пәнінің мұғалімі Болатқызы Жадыра ұйымдастырды.
Осындай тағылымды кездесулер оқушылардың болашақ мамандық таңдаудағы көзқарасын кеңейтіп, еңбекке деген қызығушылығын арттырары сөзсіз.



Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь