"Мектептегі мамандықтар әлемі"
🏫 6 қазан күні "Мектептегі мамандықтар әлемі" атты мектепішілік экскурсия өткізілді! Бүгін мектебіміздің 1-сынып оқушылары үшін есте қаларлық ерекше күн болды. Балалар мектеп ішіндегі түрлі бөлімдермен танысып, мұғалімдер мен қызметкерлердің жұмысымен жақыннан танысты. 👩🏫👨🍳📚⚽ 🔹 Мақсатымыз – ерте жастан мамандықтар туралы түсінік қалыптастырып, балалардың мектепке деген қызығушылығын арттыру, ортаға бейімделуіне көмектесу. 🔹 Оқушылар кітапхана, асхана, спортзал, оқу кабинеттерін аралап, мектептің ішкі тәртібімен танысты. 🔹 Әр бөлімнің қызметкері өз жұмысын таныстырып, балалардың сұрақтарына жауап берді. Мұндай шаралар бала бойында ұжымда өзін еркін сезінуге, қауіпсіздік пен сенімділікке, әрі мектепке деген жағымды көзқарас қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді. 🌟
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер