Оқушылар сарайында қазақ халқының ұлы ақыны, әдеби тілінің негізін салушы, аудармашы, сазгер, дана, дара тұлға Абай Құнанбайұлының туылғанына 180 жыл толуына орай, тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен «Абай әлемі» тақырыбымен ұлы ақынның теңдесі жоқ, алтын қазынасына айналған «Көзімнің қарасы...» өлеңіне флешмоб іс-шарасы өтті. Флешмобтың мақсаты Абай шығармаларын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып», Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту.
Бұл ақынның 1891 жылы жазған өлеңі екен. Өлеңде ақын аз сөзге көп мағына сыйғызу ниетін көздеген. Флешмобқа 70ке тарта бала қатысып, жоғарыда аты аталған ақын әнінің ырғағында тербеле, барлығы қосылып биледі.
Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасап, ғасырлар бойы қалың елін қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді