Меню KDT
kz ru en

Білімді ел

block1_eop.jpg?_=1520850636

Bilimland

Әдебиет порталы

Виджет не найден

Виджет не найден

введите текст

«Ақтау – жағалаудағы жұлдызды қала»

Оқушылар сарайының жазғы үйірмелер алаңына келіп жүрген балалар «Ақтау – жағалаудағы жұлдызды қала» атты Ақтау қаласын саяхаттау бағдарламасы аясында Маңғыстау облыстық қуыршақ театрына барды.

Бұл жерде балалар қуыршақтар еліне саяхат жасап, қазақ халық ертегілер желісімен сахналанған «Айжан әжейдің ертегісі» атты қойылымын тамашалады.
Айжан әжейді сомдаған әртіс апайларының аса шеберлікпен орындаған ертегісін ыстық ықыласпен қабылдады. Театр ұжымы да балаларды зор қуанышпен қарсы алды. Қойылымға кірместен бұрын әртүрлі ойындармен сергіту алаңын ұйымдастырып, балалардың көңілін бір көтеріп тастады.

Аталған қуыршақ театры өңірге халықтық ертегілерге негізделген сиқырлы қойылымдарымен танымал. Көз тартарлық қазақы нақышта киген Айжан әжейдің костюмі мен әдемі қуыршақтары тек қана балалардың ғана емес, сол балалармен бірге барған үйірме жетекшілерінің де көңілінен шыққан қойылым болды.

Балалардың актерлік шеберліктерін, ертегі әлеміне деген қызығушылықтарын арттыруға спектакльдердің берер тәлім-тәрбиесі мол.



Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь