Бос лауазымдық орындарға конкурс жариялайды
Маңғыстау облысының білім басқармасының "Оқушылар сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2025-2026 оқу жылында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату қағидаларын бекіту туралы» №96 бірлескен бұйрығын негізге ала отырып, бос лауазымдық орындарға конкурс жариялайды.
Кандидаттардың құжаттарын қарау "Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) бекітілген Біліктілік талаптарына (бұдан әрі – педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамалары) сәйкес жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Ақпаратты нақтылау хабарландыруда көрсетілген телефон немесе мекенжай арқылы жүзеге асырылады:
Мекен жайы: Ақтау қаласы, 17 шағын аудан, 13/1 ғимарат.
Электронды почта: dvoretsshkolnikov@bk.ru
Байланыс телефоны: +7 (702) 354 75 74 (сағ.9/00 – 17/30 аралығы)
Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қағаз түрінде жолдайды:
1) нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) осы Қағидаларға 12,13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
12) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
13) Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Осы Қағидалардың тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
№ | Қосымша білім беру педагогі | Сағат |
1 | «Ашихара каратэ» үйірмесінің қосымша білім беру педагогы. Қазақ және орыс тілінде сабақ беру | 18 |
2 | «Шахмат» үйірмесінің қосымша білім беру педагогы. Қазақ және орыс тілінде сабақ беру | 18 |
3 | «Волейбол» ұл балаларға - үйірмесінің қосымша білім беру педагогы. Қазақ және орыс тілінде сабақ беру | 18 |
4 | «Волейбол» қыз балаларға - үйірмесінің қосымша білім беру педагогы. | 18 |
5 | «Дебат» үйірмесінің қосымша білім беру педагогы. Қазақ және орыс тілінде сабақ беру. | 18 |
6 | «Домбыра» үйірмесінің қосымша білім беру педагогы. Қазақ және орыс тілінде сабақ беру. | 18 |
7 | «Вокал» үйірмесінің қосымша білім беру педагогы. Қазақ және орыс тілінде сабақ беру. | 36 |
8 | «Фортепиано» үйірмесінің қосымша білім беру педагогы. Қазақ және орыс тілінде сабақ беру. | 18 |
9 | «Хореография» үйірмесінің қосымша білім беру педагогы. Қазақ және орыс тілінде сабақ беру. | 18 |
10 | «Театр әлемі» үйірмесінің қосымша білім беру педагогы. Қазақ және орыс тілінде сабақ беру. | 18 |
11 | «Орыс тілі» үйірмесінің қосымша білім беру педагогы. Қазақ және орыс тілінде сабақ беру. | 18 |
12 | «Арт студия» үйірмесінің қосымша білім беру педагогы. Қазақ және орыс тілінде сабақ беру. | 18 |
13 | «Бал күлше» (тағам безендіру) үйірмесінің қосымша білім беру педагогы. Қазақ және орыс тілінде сабақ беру. | 18 |
14 | «Шебер бала» (ұл балаларға арналған құрал – саймандармен жұмыс жасауды үйрету) үйірмесінің қосымша білім беру педагогы. Қазақ және орыс тілінде сабақ беру. | 18 |
15 | «Әдемі қыз» (шаштараз, сән үлгісі, бет әрлеу кәсібіне баулу) үйірмесінің қосымша білім беру педагогы. Қазақ және орыс тілінде сабақ беру. | 18 |
16 | «3D модельдеу» үйірмесінің қосымша білім беру педагогы. Қазақ және орыс тілінде сабақ беру. | 18 |
17 | «Қыш үйірмесі» үйірмесінің қосымша білім беру педагогы. Қазақ және орыс тілінде сабақ беру. | 18 |
18 | «Электромобиль жасау» үйірмесінің қосымша білім беру педагогы. Қазақ және орыс тілінде сабақ беру. | 18 |
19 | «Киім пішу және тігу» үйірмесінің қосымша білім беру педагогы. Қазақ және орыс тілінде сабақ беру. | 18 |
20 | «Айтыс өнері» үйірмесінің қосымша білім беру педагогы. Қазақ және орыс тілінде сабақ беру. | 18 |
21 | «Физика ҰБТ-ға дайындық» үйірмесінің қосымша білім беру педагогы. Қазақ және орыс тілінде сабақ беру. | 18 |
22 | «Математика ҰБТ-ға дайындық» үйірмесінің қосымша білім беру педагогы. Қазақ және орыс тілінде сабақ беру. | 18 |
23 | «Жеңіл атлетика» үйірмесінің қосымша білім беру педагогы. Қазақ және орыс тілінде сабақ беру. | 18 |
24 | «Жас сарбаз» үйірмесінің қосымша білім беру педагогы. Қазақ және орыс тілінде сабақ беру. | 18 |
25 | «ЭКО - STEM» (экология, биология, химия және технологияны байланыстыру, ғылыми эксперименттер)үйірмесінің қосымша білім беру педагогы. Қазақ және орыс тілінде сабақ беру. | 18 |
26 | «Arduino club» (нақты ардуино платформасы бағытталған үйірме) Қазақ және орыс тілінде сабақ беру. | 18 |
27 | «Флобор» үйірмесінің қосымша білім беру педагогы. Қазақ және орыс тілінде сабақ беру. | 18 |
28 | «Шығармашыл бала» (сауат ашу) үйірмесінің қосымша білім беру педагогы. Қазақ және орыс тілінде сабақ беру. | 18 |
29 | «Жас физик» үйірмесінің қосымша білім беру педагогы. Қазақ және орыс тілінде сабақ беру. | 20 |
30 | Педагог организатор | 1,0 |
31 | Ағылшын тілі | 18 |
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер