Меню KDT
kz ru en

Білімді ел

block1_eop.jpg?_=1520850636

Bilimland

Әдебиет порталы

Виджет не найден

Виджет не найден

введите текст

“7 санының қасиеті» атты ашық сабақ өткізілді

Бүгін 22.05.25 күні Гуманитарлық бағыттың жұмыс жоспарына сәйкес, “Зерек бала “ үйірмесі оқушылары арасында “7 санының қасиеті» атты ашық сабақ өткізілді.

Ашық сабақтың негізгі мақсаты:
– Қазақ халқының дүниетанымындағы 7 санының қасиетін түсіндіру;
– Оқушылардың ұлттық салт-дәстүрге, рухани құндылықтарға қызығушылығын арттыру;
– Ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту.
1. Сабақ кіріспе бөліммен басталып, жеті саны туралы қысқаша ақпарат берілді.
2. Оқушылар «Жеті ата», «Жеті қазына», «Жеті күн» туралы білгендерін ортаға салды.
3. Топтық жұмыс ұйымдастырылып, сөзжұмбақ пен сұрақ-жауап кезеңі өтті.
4. Сынып оқушылары өлең, мақал-мәтел, көрініс арқылы тақырыпты тереңірек ашты.
5. Қорытынды бөлімде жеті санының тәрбиелік мәні туралы ереже жасалып, қорытынды сөз айтылды.

Нәтижесінде:
– Оқушылар жеті санының қазақ мәдениетіндегі орны мен маңызын түсінді;
– Салт-дәстүрге қызығушылық артты;
– Өз ойларын еркін жеткізуге дағдыланды.

Үйірме жетекшісі: Мусақанова Айгерім Қылышбекқызы




Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь