Меню KDT
kz ru en

Білімді ел

block1_eop.jpg?_=1520850636

Bilimland

Әдебиет порталы

Виджет не найден

Виджет не найден

введите текст

Азия чемпиондар

Оқушылар сарайының бір топ жас спортшылары ағымдағы жылдың 03-04 мамыр күндері Ташкент қаласында өткен ашихара-каратэ бойынша Азия Кубогінде 14 алтын және екі күміс медаль иеленді. Өзбекстан құрамасына жол беріп, командалық есепте II орынмен Азия чемпиондары атанды.
Ката және кумитэ бағдарламалары бойынша алтын жүлдегерлер: Мария Патрова, Диас Исенбай, Ардақ Дидар, Эдуард Рябинов (2 медаль), Кира Турилина (2 медаль), Алишер Абдрахман (2 медаль), Айберен Қожаберген, Нейля Жантасова, Аида Алқуатова, Нурайлым Кемалжан.
Күміс жүлдегерлер: Нейля Жантасова және Ариана Радионова.

Командалық ката бойынша алтын медаль алғандар – Мария Патрова, Диас Исенбай және Алишер Абдрахман.

«Біздің балалар қойылған міндетті абыроймен орындап, елімізді лайықты танытты. Қайсарлық, өршілдік, жоғары спорттық шеберлік және жеңіске деген құлшыныс таныта отырып, ерік-жігерде ең үздік қасиеттерін көрсетті», - деп мәлімдеді команда жетекшісі Игорь Отаров.

Еліміздің көк байрағын спорттық жарыста биік көтеріп келген Азия чемпиондарымыздың үлкен жетістіктеріне табыс тілеп, болашақта жақсы маман болып, еліміздің туын үнемі жоғары көтеріп жүрулеріне тілек білдіреміз.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь