Меню KDT
kz ru en

Білімді ел

block1_eop.jpg?_=1520850636

Bilimland

Әдебиет порталы

Виджет не найден

Виджет не найден

введите текст

"CEO Vision"

23.01.2025 ж.күні “Smart-Bala” жобасы аясында 7’8 сынып оқушылары арасында "CEO Vision" интеллектуалды сайысы өткізілді.Сайысты География пәні мұғалімдері: Ж.Бекдаулетова мен Н.Төлесін жүргізді.
Сайыс 5 бөлімнен тұрды: топтық жұмыс (картамен жұмыс), жұптық жұмыс ("Қазынаны тап"), мозаика әдісі және қорытынды кезең.
Сайыстың мақсаты – оқушылардың географиялық ойлау дағдыларын қалыптастыру, карталар мен ақпарат көздері арқылы кеңістік туралы түсініктерін жетілдіру, географиялық мәселелерді шешуге ынталандыру және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту болды.

Сайыс барысында қатысушылар картамен жұмыс жасап, географиялық нысандарды анықтады, логикалық тапсырмаларды орындады және шығармашылық тапсырмаларды шешті. Бұл іс-шара оқушылардың географияға деген қызығушылығын арттырып, ұжымдық және жұптық жұмыс дағдыларын нығайтуға ықпал етті. Сайыс нәтижесінде
І орын 8 «А» сыныбы, ІІ-орын 7 «Ә» сыныбы, ІІІ-орын 7 «А» сыныбы, ынталандыруға 8 «Ә» сыныбы ие болды.



Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь