“Әжем үйреткен”
⚜️Мектебімізде 29.01.2025 ж.күні “Даналық мектебі” аясында “Әжем үйреткен” тақырыбында қыз балалардың қатысуымен әжелердің шеберлік сағаты өтті.⚜️Мақсаты: Қыз балаларды тұрмыстық дағдыларға, ұлттық тағамдар дайындауға, қолөнерге баулу.Ұмыт бола бастаған дәстүрлерді жаңғырту және насихаттау.🔆Аталған іс-шара барысында әжелер жас ұрпаққа ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді дәріптеп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шараны мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары: М. Аринова мен МАД “А” сынып жетекшісі: Ж. Тажиханова жүргізді.⚜️1-бөлімде қатысушы әжелер өздерін таныстырып, өмірлік жолдары мен отбасы құндылықтары жайлы әңгімеледі.⚜️2-бөлімде қыздарға тұрмыс-тіршілікке, отбасылық өмірге, ұлттық салт-дәстүрлерге қатысты ақыл-кеңестерін айтты.⚜️3-бөлімде шеберлік сабақтары өтіп, әжелер қыздарға ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдарын жасауды үйретті.Атап айтқанда:🔆Гүлсара әже ұлттық тағам – бұжының жасалу жолын көрсетті.Гүлжамал әже бауырсақ пісірудің құпияларымен бөлісті.Күрең әже ұршық иірудің әдістерін түсіндірді.Жұлдыз әже киізден бұйым жасаудың тәсілдерін үйретіп, бірнеше дайын жұмыстарын алып келді.⚜️Бұл іс-шара қыз балаларға үлкендерден тәлім алып, ұлттық мұраға жақындауға мүмкіндік берді. Әжелердің шеберлік сабақтары арқылы қыздар тұрмыстық өмірде қолдануға болатын құнды білім мен тәжірибе жинады.⚜️Іс-шара соңында әжелерге мектеп ұжымы атынан алғыс хаттар табысталды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер