«Отбасылық келісімнің кепілі – сенімді қарым-қатынас»
«Отбасылық келісімнің кепілі – сенімді қарым-қатынас»Мектебімізде отбасы құндылықтарын дәріптеу және ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік пен сенімді қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Отбасылық келісімнің кепілі – сенімді қарым-қатынас» атты 1-4 сынып ата-аналарына дәріс өткізілді.Мақсаты:Оқушыларға отбасындағы сенімнің маңызын түсіндіру.Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған тәжірибелік жұмыстар жүргізу.Отбасылық құндылықтарды сақтау мен нығайтудың маңыздылығын көрсету.Дәрісті 1-сынып білім алушылардың сынып жетекшілері: А.Бишенова мен Ш.Төлесін жүргізді.Отбасы – махаббат пен сенімнің ордасы екені түсіндіріліп, дәрістің мақсаты айтылды. «Сенімді қарым-қатынас қалай қалыптасады?» тақырыбында ата-аналар арасында өз ойларымен бөлісті.Тапсырмалар мен ойындар: Ата-ана мен бала бірлесе отырып «Біз біргеміз» секілді шығармашылық тапсырмалар орындап, отбасылық сенімділікті арттыруға бағытталған жаттығулар жасады.Отбасылық құндылықтардың маңызды екені атап өтіліп, дәріске қатысушыата-аналар арасында отбасындағы жылы қарым-қатынас, бір-біріне деген сенім мен сыйластықтың маңызы айқындалды. Мұндай шаралар отбасылық келісім мен түсіністікті нығайтуға зор ықпал етеді.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер