Тәжік-Ауған шекарасындағы қаралы оқиғаға биыл 30жыл толып отыр. Тәжік-Ауған жеріндегі қақтығыс Қазақстанның әскери тарихында ерекше орын алады. Сол соғыста ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің есімін ұмытпау және олардың батырлығын жас ұрпаққа жеткізу — маңызды міндет. Білім алушылардың патриоттық санасын арттырып, тарихымыздағы маңызды оқиғаларды ұмытпай, сабақ алуға үйрету мақсатында 4,5 сынып білім алушыларына танымдық сағаты өтті. Іс-шара барысында жауынгерлердің ерлігі, олардың ел тыныштығы үшін жасаған еңбектері баяндалды. Тәжік-Ауған жері шекарасын қорғау кезінде ерлікпен қаза тапқан кіші сержант Раджан Батырхановтың өмірбаяны мен ерлігі жайында әңгімеленді. #БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ