“Назар аудару”
“Ата-аналарды педагогикалық қолдау”орталығының жұмыс жоспарына сай қараша айының 21 күні 1-4 сыныптың ата -аналарына“Назар аудару” тақырыбында дәріс өткізілді. Дәрісті Б.Аймагамбетова мен Ф.Маширова өткізді.Мақсаты: балалардың назарын дамытуға көмектесу, олардың психоэмоционалды жағдайын түсіну және оларды назар аудару мен зейіндерін дұрыс басқаруға үйрету. Ата-аналар балалардың назарын қалай дұрыс бағыттауға және оны дамытуға шоғырландыру үшін орта, жаттығулар мен ойындар, оқу процесі туралы түсінік берілдіАта-аналарға балалармен түрлі жаттығулар мен ойындар жүргізу арқылы олардың назарын қалай дамытуға болатыны туралы практикалық кеңестер ұсынылып, қысқа уақыт ішінде белгілі бір тапсырманы орындауға ынталандыратын жаттығулар ойнатылды.Алаңдаушылықтан арылу: Ата-аналарға алаңдаушылықты болдырмау, тыныштық орнату және қолайлы ортаны құру бойынша кеңестер берілді.Бұл дәрісте ата-аналардың баланың назарын дұрыс бағыттауға, оны дамытуға және баланың өзіне деген сенімін арттыруға бағытталды.#БІРТҰТАС -ТӘРБИЕ

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер