Меню KDT
kz ru en

Білімді ел

block1_eop.jpg?_=1520850636

Bilimland

Әдебиет порталы

Виджет не найден

Виджет не найден

введите текст

⚜️ Қазақстандық мектептерде тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған жеке көмекшілер пайда болады.

⚜️ Қазақстандық мектептерде тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған жеке көмекшілер пайда болады.

✔️ ҚР Үкіметінің отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев инклюзивті және арнайы білім беруді дамыту бойынша қабылданып жатқан шараларға тоқталды.

🏢 Оның айтуынша, елімізде 496 ұйым жұмыс істейді, сондай-ақ арнайы қолдауға мұқтаж балаларға арналған 1071 кабинет жабдықталған. Мектептердің 88%-да және колледждердің 80%-да инклюзивті оқыту үшін жағдайлар жасалған.

👩🏻‍🏫 Мектептерде «Педагог-ассистент» лауазымы енгізілді, бұл мамандар санын бір жылда 1-ден 2,5 мыңға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Енді бұл лауазымның ашылуы мектепке дейінгі ұйымдарда да қарастырылуда. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен барлығы 9 мыңнан астам арнайы педагог жұмыс істейді.

🗣 «Келесі жылдан бастап педагог-ассистенттер колледждерде дайындала бастайды. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар үшін мектепте «Жеке көмекші» лауазымы енгізіледі. Сондай-ақ, «Педагог» кәсіби стандартына ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу бойынша жаңа мамандықтар енгізілуде», - деді Ғани Бейсембаев.

📌 Сондай-ақ, қатардағы педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Биыл біліктілікті арттыру курстарынан 5 мың педагог өтті. 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь