23.10.2024ж.Республика күніне орай Республикалық “Жас Ұлан” Бірыңғай балалар мен Жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау салтанатты іс -шарасы өтті. Мақсаты: Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінуге,туған елін шексіз сүйюге ,өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу. “Жас Ұлан “ Бірыңғай балалар мен Жасөспірімдер ұйымы қатарына 5 ”А” сыныбынан 15 білім алушы, 5”Ә” сыныбынан 10 білім алушы қабылданды . 5 “А” сынып білім алушысы Саматұлы Әліби ұйымның АНТын қабылдап, ұйымға қабылданушылар хормен “Жас Ұлан” жырын орындады. Мектеп директоры у.м.а Г.С.Туралиева ұйым қатарына қабылданған білім алушыларды құттықтап, өз тілегін арнады.