“Отбасы-бақыт мекені”
Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру“Отбасы-бақыт мекені”2024 жылдың 6- қыркүйек күні «№1ЖББМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залында «Отбасы- бақыт мекені» тақырыбымен жалпы ата-аналар жиналысы өткен. Күн тәртібі бойынша:1. Мектеп оқушыларының міндеттері, мектеп формасы,оқушылардың өмір қауіпсіздігі.2. “Бітрұтас тәрбие” бағдарламасы жүзеге асырылуы.3. Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы бағдарламасымен таныстыру.Күн тәртібі бойынша баяндамашы: мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: А.М.Рахматуллин мектеп ішіндегі ережелермен, мектеп формасына қойылатын талаптардың ғимарат ішінде орындалуы мен ата-аналарға балалардың соған бағынуына тәрбиелеу маңызды нәрсе екенін айтып өтті. Екінші және үшінші мәселе бойынша баяндамашы: мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: М.К.Аринова «Біртұтас тәрбие” бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша және ата -аналарды педагогикалық қолдау орталығының бағдарламасымен таныстырып,сөз сөйледі.Ата-аналар комитетінің төрайымы Ж.Баймурадова жиналыстың күн тәртібіне шолу жасады.Мектеп директорының у.м.атқарушы Г. Туралиева , Ұстаз,ата-ана,оқушы үштігінің ынтымақтастық әрекеті арқылы, білім мен тәрбиенің сапасы артатынын айтып жиналысты қорытындылады.#Біртұтас_тәрбие#Ата_аналар_жиналысы
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер