«Зорлық – Зомбылықтың алдын алу»
23.11.2022 ж. күні «№1ЖББМ» КММ-нде 5-9 сынып оқушыларына Аудандық мешіттің бас имамы Р.С.Пірманов және АПБ-нің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны С.М.Наров, МДТЖЖО А.М.Рахматуллиннің қатысуымен «Зорлық – Зомбылықтың алдын алу» тақырыбында мағлұмат берілді. Мақсаты: Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер