Меню KDT
kz ru en

Білімді ел

block1_eop.jpg?_=1520850636

Bilimland

Әдебиет порталы

Виджет не найден

Виджет не найден

введите текст

ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ

Бүгінгі таңда, 1 қыркүйек «Білім күні» мерекесімен қатар еліміздің тарихында, жаңа бір саяси ахуал орын алып отырғанына бәріміз куәміз. Халқымыз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін ел президентінің жолдауы 2021-2022 жаңа оқу жылының басталуымен тұспа-тұс келуі, әрбір Қазақстан азаматының ерекше назарын аударды. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы бүкіл әлемді алаңдатып отырған пандемиямен күрес жолдарын, оның елімізге алып келген зардабы мен өзгерістерін айта келіп, еліміздің әлеуметтік дамуына, ел тұрғындарының табысы мен жұмыс орындарының сақталуын, халқымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолындағы жұмыстарға басты назар аудару қажеттігін атап айтты. Президенттің жолдауы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Барлық бағыттардың дамуы, ел тағдыры үшін маңызды. Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа жолдау, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетіп бергендей.

Президент өз жолдауында мемлекеттік басқаруға, кадр саясатына, шешім қабылдау жүйе­сіне және оларды орындау жауапкершілі­гіне деген көзқарасты өзгерту керектігін айтты.
Сондай-ақ қазіргі таңда өзекті болып отырған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен толық қамтамасыз ету, ауыл тұрғындарының табысын арттыру, еңбек өнімділігін екі жарым есе көбейту, агроөнеркәсіп кешені өнімінің экспортын екі есе арттыру, өз бетінше баспана мәселесін шешуге табысы жетпейтін азаматтарға тиімді әлеу­меттік көмек көрсету, білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы туралы және медициналық инфра­­құрылымды дамыту туралы, сонымен қатар елді дамыту бағытындағы барлық маңызды деген мәселелерді атап айтып, шешу жолдарын ұсынды.
#жолдау2021


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь