Назарбаев Зияткерлік Мектебінде өткен практикалық семинар
Маңғыстау облыстық білім басқармасы мен Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі арасындағы меморандумға сəйкес, Түпқараған аудандық білім бөлімі мен білім үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 27 наурыз күні Түпқараған ауданының 130-дан астам мұғалімі Назарбаев Зияткерлік Мектебіне практикалық семинарға қатысты. Семинар 7 секция (CLIL, робототехника, төңкерілген сабақ, ағылшын тілі пəні мұғалімдеріне тілдік курс, педкеңес өткізудің жаңа форматы, критериалды бағалау, өнер пəнінен шеберлік сынып) бойынша өтті.
Семинарға ПШО директоры Қатира Қарасайқызы, облыстық оқу-əдістемелік орталықтың əдіскерлері қатысты.